Жаңалықты жатсынбаймыз!

(0 Votes)

Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін философиялық тұрғыда өзгерту.

2011 жылы басталған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тұжырымдамасына сай ұстаз - бұл оқушының танымдық ізденісіндегі көмекшісі, ал оқушы болса өз дүниетанымының конструкторы болуы керек. «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген еді Елбасымыз.

Шындығында білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп мұғалімдері кәсіби даярлау курстарынан өтіп, жаңалықты тәжірибеге ендіру жұмыстары да қадамдап іске асып келеді. Мұғалімдер дәстүрлі оқыту үдерісінен жаңаша сипаттағы сабақтар даярлауға жаппай бетбұрыс жасауда. Жаңартылған оқу бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратыны оның маңыздылығынан-ақ көрінеді. Маңыздылығы - сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін игеру ісінен айқындалады.

Осы жұмыстарды меңгеруге Дыңғызыл ауылдық округіндегі Д. Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі де атсалысып келеді. Мектепте мұғалімдер мен оқушылар WI-FI арқылы үздіксіз ғаламтор желісіне еніп, 16 кабинетке қосылған мультимедиалық проектор арқылы «BilimLand.kz» сайтын күнделікті сабақта тиімді пайдалануда. Үздіксіз білім беру ісінде «мұғалім-оқушы-ата-ана» ынтымақ-тастығын нығайтуда «Күнделік kz» сайты мүмкіндіктерін толық меңгеруге қол жеткізіп отырмыз. 2017-2018 оқу жылында ҰБТ сынағына 11 сыныпты бітірген 26 оқушының 17-сі қатысты. Оның қорытындысы бойынша орташа ұпай 70 балды құрады. «Алтын белгіге» ие болған шәкірттеріміз: Нұрымова Бибінұр- 111, Әділжанова Гүлдархан-105, «Үздік аттестатқа» ие болған оқушы Гизатов Арсен - 108 балл жинады. Нәтижесінде 11 түлегіміз жоғары және арнаулы оқу орындарының грант иегерлері атанды. Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып келеді. Өткен оқу жылында мектебіміз модификацияланған жаңа үлгідегі химия, физика, лингофон және робототехника кабинеттерімен жасақталды. Білім ошағы жанындағы жатақхана 80 млн. 640 мың теңгені құрайтын күрделі жөндеуден өтіп жатса, оған құны 5 млн. теңге болатын жиһаз-мүліктері мен құрал-жабдықтары алынып отыр. Алдағы уақытта ІТ-сыныптар кабинетін ашу жоспарлануда. Мемлекетіміздің осыншама қолдауының арқасында біз ұстаздар қауымы - жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыра отырып, нәтижелі межелерге қол жеткіземіз деп сенім білдіреміз.

Гүлжан МЕДЕТҚЫЗЫ,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521