Үздіктер марапатталды

(0 Votes)

Аудан әкімі Бибоз Шаяхметов мектептерде өткен қорытынды емтиханда «Алтын белгіге» лайық екендігін дәлелдеген 17 және «Үздік аттестатты» иеленген 8 түлекті арнайы қабылдады.

«Кемел келешек кілті – білімде» атты кездесу салтанатында аудан басшысы Б.Шаяхметов дарын иелерінің болашақ қадамдарына ақ жол тіледі. – Былтырғы жылдан бері Ұлттық бірыңғай тестілеу реформасына өзгерістер енгізілуіне байланысты мектеп бітіруші түлектер қорытынды аттестаттаудан өтіп, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін емтихан тапсырады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуына жастардың қосар үлесі зор екендігін үнемі айтып, оларға сапалы білім беруді назарында ұстап отыр. Осы бағытта оқушылардың болашақта бәсекеге қабілетті болуына зор ықпалын тигізетін түрлі жұмыстар жүзеге асырылуда. Яғни, білім алуды мақсат еткен әрбір жас үшін бүгінгі таңда барлық жағдай жасалған. Жылдар бойы осы оқушыларды кәсіби түрде дайындап тәрбиелеген ата-аналар мен ұстаздарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Түлектеріміз алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған маман иелері атанып, Қазақстанның дамуына зор үлес қосуларына тілектеспін. Болашақтарың жарқын, жолдарың ашық болсын,- деп, «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлеріне төсбелгілері мен білімдерін растайтын алғашқы құжаттарын салтанатты түрде табыстады. Шәкірттерінің алтын ұя мектептеріне, аяулы ұстаздарына және аудан әкімі мен білім бөліміне шынайы ризашылықтарын білдіру үшін сөз кезегі Ұлжан Шұғайыпова, Жансая Жексенбаеваға ұсынылды.

Ал Айдана Аманғали құрбыларын білімді, парасатты, абыройлы, қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуға шақырып, кемел келешекке деген Үндеуін жариялады. Еңбекші жалпы орта мектебінің директоры Мырзабай Шаяхметов білім ошағының үкілі үміттерін ақтаған түлектердің қадамдарына сәт сапар тілеп, аталмыш салаға тұрақты қолдау білдіріп, айрықша көңіл бөліп отырған аудан әкімі Бибоз Байдәулетұлына және осы бөлімнің басшылық тізгінін қолына алғалы бері біршама жетістіктерге жеткізген Гүлфара Құбаеваға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Айта кетейік, биыл аудан бойынша 11 сыныпты 575 оқушы бітірді. Соның 331-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіруде.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521