Қызық қуамын деп қауіп-қатерге ұрынбаңыз

(0 Votes)

Біздің аудан – аумағына тән шомылуға нақты орын белгіленбеген жерде суға түсу қауіпті екенін естеріңізден шығармаңыздар.

Суда құтқару қызметкерлерінің әркімнің өз бетімен шомылатын жағажайға айналдырып алған жерлерін бақылап отыруға мүмкіндігі бола бермейді. Рейдке шығып тұрғанның өзінде бақылаудан, қадағалаудан қалтарыста қалып қоятын өзен жағалары бар. Біз өз тарапымыздан мектептерде, тынығу лагерьлерінде, балабақшаларда, көпшілік жиналған жерлерде болып сақтандыру шараларын қаперге беріп отырамыз. Оларға суға түсу ережелері жазылған арнайы парақшалар таратылады. Бірақ, көпшілігі қатердің алдын алуға тырыспайды. Соңында қайғылы жағдайға душар болып жатады. Су жағасында серуен құратындардың дені – балалар. Шомылып, аз-маз салқындап аламыз деген оймен жағадан алыстап, ағыс бойына кетіп қалғандарын аңдамай да қалады екен. Қызық қуамын деп қауіп-қатерге ұрынып жүрмеңіз, ол үшін осы айтылғандарды бірауық еске алып жүріңіз.

А.АХБАЛИН,

аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521