Тәрбие балабақшадан басталады

(0 Votes)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат деп білемін.

Бағдарламалық мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп, болашаққа бағдар берілген. Бүгінгі күні аталған бағдарламаның жарияланға¬нына бір жыл уақыт болды. «Осы уақыт аралығында не істедік? Онда көрсетілген нақты міндеттерді жүзеге асыруға атсалысып жатырмыз ба?» деген сауалға тек билікте, қызметте отырғандар ғана емес, кез келген қазақстандық өзінен жауап іздеу керек секілді. Бір міндет жүктеліп, тапсырма берілсе, бізде бір түсінік қалыптасқан «біздің неміз бар, биліктегілер істейді ғой» деп отыра береміз. Ол дұрыс емес. Себебі, елі үшін, жері үшін әрбір қазақстандық жауапты екенін түсінуі қажет.

Рухани жаңғыру бағдарламасын әркім өзінен бастауы керек деп ойлаймын. Әсіресе еліміз үшін өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселесі қашанда өзекті болып келді. Осыған байланысты біздің «Айбөбек» балабақшасының негізгі рөлі - жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас педагогикалық процесс құру арқылы мектепке дейінгі баланың рухани-адамгершілік және патриоттық дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Дәл осы мектепке дейінгі аралық - балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін өте ыңғайлы кезең деп ойлаймын. Өйткені, бұл кезеңде бала айналаны аса сезімталдықпен, үлкен әсермен қабылдайды. Сондықтан бұл аралықты текке өткізіп алмай, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру бағытында жан-жақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Ал мұнда тек отбасы мен балабақшаның бірлесіп күш салуы арқылы оң нәтижеге қол жеткізілетінін естен шығармағанымыз абзал. Қарап отырсақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы қай салаға болмасын, үлкен өзгерістер енгізді, жаңашылдық әкелді. Жарияланғанына бір жыл уақыт болса да, атқарылған іс шаш-етектен. Әлі де білек сыбанып кірісетін шаруа жетерлік. Біле білсек, бұның бәрі елдің болашағы үшін жасалып жатқан дүниелер. Әрі бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндігі.

Зәуреш АБДОЛОВА,

«Айбөбек» балабақшасының меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521