«Сөнбес жұлдыздар» байқауы

(0 Votes)

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және «Туған жер» бағдарламасы аясында Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінде «Сөнбес жұлдыздар» атты шығармашылық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: туған өлкеде өз заманында өмір сүрген, елдің дамуына үлесін қосқан қарапайым азаматтардың, түрлі салада елеулі еңбек етіп жүрген қатардағы қызметкерлердің, аға буын мен жас ұрпақты байланыстыратын үлкен іс тындырып жүрген жандардың өмір жолымен таныстыру, өлкетану арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жерінің тарихын оқып-тану мақсатында тиянақты патриоттық тәрбие беру.

Аталған байқаудың ережесі бойынша әр мектептен 1-2 оқушы қатысып, олар өздерінің шығармашылық жұмыстарын қазылар алқасы алдында берілген 10 минут ішінде қорғауы қажет болды. Шығармашылық байқауға арнайы қазылық ету үшін өлкетанушы, журналистика ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы А.Ғұмаров және ардагер ұстаз О.Құмарғалиева арнайы шақырылды. Қазылар алқасы әрбір қатысушыға таңдалған тақырыптың ашылуы мен оқушының жұмысты қорғауда тіл-шеберлік деңгейі бойынша баға берді.

Нәтижесінде қатысқан 12 команда ішінен жақсы жұмыстарымен көзге түскен Алтынсарин, Имашев, Ломоносов, З.Серікқалиұлы, Әуезов жалпы орта мектептерінің оқушылары Гүлнұр Дінибекқызы, Нұршат Наурызбай, Аяулым Сембаева, Асылай Шакенова, Адина Әнуарбекова, Әлімбет Құрманалиев, Бекзат Бақытжан, Альбина Сәулетова, Дильназ Жексенғали алғыс хатпен марапатталды. Шығармашылық жұмыстары үздік деп танылған Гагарин жалпы орта мектебінің оқушысы Арман Аташев ІІІ, Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Алтын Аманғали ІІ, Абай жалпы орта мектебінің оқушысы Дильназ Разихова І орынды жеңіп алды. Осындай оқушылардың қатары артып, биіктерден көріне берсін дейміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521