Қоғамдық тыңдау өтті

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектепте ата-аналар алдындағы қоғамдық тыңдау өткізілді.

Күн тәртібіне орай, мектеп директорының міндетін атқарушы М.Жандыбаева республикалық қоғамдық тыңдауды ұйымдастырудың тұжырымдамасын, мақсаты мен міндетін, күтілетін нәтижесін таныстырды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Сахаев 2018-2019 оқу жылының І тоқсаны бойынша білім сапасына талдау жасап, оқушылардың жеткен жетістіктерін саралады. Сондай-ақ, ол ата-аналар балаларының түрлі пәндер бойынша алған бағаларын kundelik.kz сайтынын көре алатынын қаперге берді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Хашуова қамқоршылық кеңес жөнінде біраз мағлұматтардан хабардар етіп, педагогтардың ата-аналармен бірлесіп атқарған жұмыстарын баяндады. Қоғамдық тыңдау барысында Құрманғазы ауылдық округінің әкімі М.Мұғалім білім сапасы мен тәрбие бағытында толғандырған сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізсе, АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры Ж.Бектеміров оқушылар арасында суицидке байланысты жиналыстар өткізбей, сауалнама жүргізу және оны тек кәсіби мамандар ғана жүзеге асыру қажеттігін ескертті. Соңында қабылданған қаулы көпшілікке таныстырылды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521