«Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған»

(0 Votes)

«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деп ұлы қолбасшы Александр Македонский айтпақшы, ұстаз - ұлағатты ұғым.

«Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған» атты мұғалімдерді ұлықтау шарасы «Думан Plaza» мейрамханасында ерекше форматта ұйымдастырылды. Алдымен Жәннат Құрманғалиева, Злиха Отарбаева, Дина Шайхимова, Бәтима Малдыбаева, Ләйлә Мусина, Зоя Исқалиева сынды ардагер ұстаздар бүгінде өмірде өз орындарын тауып, туған жерінің көркеюіне өз үлестерін қосып жатқан шәкірттерімен бірге ізгілік жолына шақырылды. Одан әрі ардагерлердің лайықты орнын жалғастырушы бір топ үздік педагогтар қызыл кілемді жүріп өтті. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев құттықтау тілегін арнады.

img_5792

img_5793

img_5794

-Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Елдің болашағын қалыптастыруда педагогтардың қызметі өлшеусіз. Сол себепті де сіздердей өз ісінің кәсіби шеберлерінің қажырлы еңбегінің арқасында Мемлекет басшысы басымдық беріп отырған тапсырмаларды толықтай орындай алатынымызға сенімдімін, — дей келе, аудан басшысы өзінің алғыс хатымен мереке иелерін марапаттады.

img_5795

img_5796

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов мұғалімге жүктелер міндеттің ауыр екенін тілге тиек етіп,ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен Жетек Шайхиев, Асхат Тұрдалиев, Қымбат Қажыбаева, Клара Қабдолова, Ақмарал Шамарданова, Қымбат Шияпова, Зәуреш Абдолова, Гаухар Құбашова, Бақытгүл Қайсағалиева, Тамара Өтеғұлова, Есболай Сәрсембаев, Нұрғайша Ханатова, Сәния Өтегенова, Нұрлыхан Мадиров, Айгүл Дүйсенова, Мүлкәт Менсеитова, Нурия Шайхиева, Құралай Ильясова, Райса Алданованы ұлығылады. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсподағының Құрмет грамотасын Майра Құбашева, Гүлдархан Әмірхановаға ұсынды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева өзгенің бақытын аялаған ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап,жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін еңбегімен еленіп жүрген педагогтарды облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, алғыс хаты, облыстық әдістемелік орталықтың құттықтау хатымен марапаттады.

img_5797

img_5798

Жүргізуші Айжамал Арыстанова «Ұстаз деген аяулы асыл жанды жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең» атты облыстық челлендж, эссе, қысқаметражды фильмдер байқауларында белсенділік танытқан ұстаздардың есімдерін ыстық ықыласпен атап, оларға дипломдар тапсырылды. Дастархан басына жиналған аяулы ұстаздар көтеріңкі көңіл күймен түрлі ойындарға қатысып, дөңгелене вальс биледі.

img_5819

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521