«Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

(0 Votes)

Орталық алаңда «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты аудандық мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Оны Б.Ғапу, А. Қайыржанова сынды балғындар жүргізді. Шарада Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Т.Асқарқызы, «Балбөбек» бөбекжай балабақшаларының тәрбиеленушісі І.Ғафу, Ломоносов, Крупская, Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары Ж.Елемес, Е.Шариполлаев,М.Қуанышбай, Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің балғындары Р.Тарих, А.Бекболатқызы «Туған жер», «Балалықтың бал әні», «Қазақ қызы», «Сәби бақыты», «Чунга-чанга», «Бала тілегі» әндерін орындап, «Балапан» би тобы, ертегі аниматорлары жиналғандардың көңілін көтерді. «Наз», Бегәлиев атындағы орта мектептің би топтары, «Мерей», «Айсамал», «Нұршуақтың» биші бүлдіршіндері, «Ұйғыр», «Өзбек», «Кірпілер», «Жалқаубек», «Марғаулар» билерімен жиналған жұртшылықты тәнті қылды. «Балауса» , «Өркен» бөбекжай-балабақшаларының тәрбиеленушілері Ж.Қуаныш, А.Шыңғысқызы «Көктем», «Павлин» билерімен шараның шырайын келтірді. Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары өздері әзірлеген композициялық билерін Н.Өтеуованың жеке орындауында сәтті шығарса, Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті Г.Манат Құрманғазының «Айжан қыз» күйін күмбірлетті. Ауданға танымал әнші Ж.Кенжеғалиев пен қызы В.Сағынғалидың орындауында «Қазағым» әнін орындады.

Айнагүл ШАКУПОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521