«Латын әліпбиі – балабақшада»

(0 Votes)

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Латын әліпбиі – балабақшада» атты облыстық байқауын өткізді.

Мақсаты – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында мемлекеттік тілді меңгеруді, оның ішінде жаңа латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйренуді жетілдіруіне ықпал ету, отбасындағы құндылықтар мен рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы балаларды қазақ тілін құрметтеуге үйрету, оның мәртебесі мен қолданылу аясын кеңейту.

bala2

bala1

Облыстық байқауға ауданымыздан «Балбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері «Қазына» деген атаумен команда құрып, бақтарын сынаған болатын. «Атыңнан айналайын», «Бала және латын әліпбиі» атты екі кезеңнен құралған байқауда топ қатысушылары сәлемдесу арқылы өздерін көпшілікке таныстырып, тәрбиешілердің шеберлік сабақтарына қатысты. Әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтау үшін қатысушы топтың белсенділігіне, тапқырлығына, тәрбиешілердің сабақ беру шеберліктеріне, тіл байлығы мен мәдениетіне, баламен жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне айрықша көңіл бөлді. Байқау қорытындысымен ауданымыздың намысын қорғаған бөбектер алғыс хатқа ие болды.

Әділбек Мұфтахов,

аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521