Үйірлі шегіртке үрей әкелмейді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың ішінде аудан аумағы бойынша жалпы көлемі 9900 гектар алаңға үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу өткізілді.

Оның ішінде: итальян прусына (қыр аймағы) қарсы 5400 гектар, азиат шегірткесіне (Каспий теңіз жағалауы) қарсы 4500 гектар. Өңдеу жұмыстары авиациялық әдіспен дельтолет ұшағымен жергілікті атқарушы органдар, шаруа қожалықтары және жергілікті тұрғындардың қатысуымен маусым айының ішінде бірлескен түрде жүргізіледі. Химиялық өңдеу үйірлі шегірткелерге қарсы өз уақытында және сапалы өтті.

Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу шегірткеге қарсы құрылған аудандық штаб пен оның төрағасы Ж.Бектеміровтың басшылығымен үйлестіріліп отырылды. Тамыз айының ішінде үйірлі шегірткенің аудан аумағында қонуы (миграция) байқалса, ондай жағдайда шаруа қожалығының басшылары және жергілікті тұрғындардың Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясына 2-30-62 және ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Құрманғазы аудандық филиалына 2-14-41 телефонына хабарласулары сұралады. Қазіргі уақытта шағылысу, жұмыртқа салу кезеңінде үйірлі шегірткеге жос-парлы мониторинг жүргізілуде. Осының қорытындысы бойынша үйірлі шегірткеге қарсы 2018 жылдың химиялық өңдеу жұмыстарының жоспары анықталатын болады. Сондықтан, салғырттыққа салынбай көмектескендеріңіз абзал. Қазіргі уақытта үйірлі шегірткелердің жағдайы бақылауда.

В.НИКЕШИН,

Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау жөніндегі бас маман.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521