Ерлік сабағы

(0 Votes)

С.Имашев атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Ерлік сабағы» өтті.

Оған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жауапты қызметкері Асланбек Шарипов, Атырау қаласындағы №41433 әскери бөлімнің әскери қызметшісі Самат Өтепбергенов қатысты. Алдымен сөз кезегі ефрейтор С.Өтепбергеновке беріліп, ол осы мектепте 9-шы сыныпқа дейін оқығандығын, артынан 10-11 сыныптарды Еңбекші орта мектебінен аяқтағанын айтты. - Әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеп келгеннен соң, осындай үгіт-насихат жұмыстарының арқасында 2013 жылы келісімшартпен әскери қызметке қабылдандым.

Біріншісін 2016 жылы ойдағыдай аяқтап, екіншісін жасап, жұмысымды жалғастырудамын. Менің өзімнің қазіргі атқаратын міндетім Ұшу аппараттарын ұшқышсыз басқару БПЛА-1 операторы, әрі механик-жүргізушімін. Бұл қарсыластың, яғни жаудың нысандарын тауып, қай жерде орналасқаны жайлы алдын-ала белгілі бір хабарларды беру. Осылайша жаудың көзін құртуға әрекет жасалып, белгілі бір деңгейде жойылады. Мемлекеттік құпия болып табылатындықтан әрі қарай жіктеп айтуға болмайды, - деді. Аудандық қорғаныс істері бөлімнің жауапты қызметкері А.Шарипов оқушыларға қазіргі қолданыстағы заңдылықтарды, нормативтік құжаттарды таныстырды. Әскери оқу орындарының бір күндік тыныс-тіршілігін баяндайтын бейнероликтерді көрсетті. Осы мектептен бітірген түлек, Ақтөбе қаласындағы Әуе Қорғанысы күштері әскери институтында оқып жатырған Юрий Аян ағаларын үлгі етіп, соның ізін басуға шақырды.

А.МАСАЛИМОВ,

С.Имашев орта мектебінің бастапқы әскери дайындық жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521