«Мерей» бөбекжай балабақшасында әдіскер Б.Наурызбаеваның ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында коучинг-семинар өтті.
Оған Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Марал Ғұмарова қатысып, тақырыпқа орай өз пікірін білдірді.
Балабақша педагогтары «Ақылдың алты қалпағы», «Постер» әдістерімен «Жемқорлық – сачси әлеуметтік қиын құбылыс» тақырыбында топтың жұмыстарын сәтті қорғады. Шара «Болашағыңды бүгіннен ойла» атты бейнероликпен қорытындыланды.
Ғалия Темірәлиева,
ата-ана