"Бүгінгі жас маман - келер ұрпақтың сәулеткері"

(0 Votes)

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші.

Сондықтан, ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Ал енді ұстаздық жолды таңдаған жас маман болса, оларға артылар жүктің екі есе ауыр екені айтпаса да түсінікті. Жастар жылына орай Еңбекші жалпы орта мектебінде жастармен атқарылатын түрлі жұмыстар жоспарланып, жоспар аясында «Жас маман-2019» байқауы ұйымдастырылды.

Бауқаудың мақсаты: педагогтардың мәртебісін көтеру, жас мамандар шығармашылық әлеуметін арттыру және үздік жас маманды анықтау. Байқау шарттарына сәйкес мектебіміздің 10 жас маманы бақтарын сынап, сонымен қатар, өзара тәжірибе алмасты. Байқау қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Н.Ғалымжанова «Үздік жас маман-2019» атағын жеңіп алса, қалған қатысушылар түрлі номинацияларға ие болды. Мектебімізде жастармен атқарылар жұмыстар жалғасын таба бермек.

Ф.Каусова ,

мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521