«Қауіпсіз мектеп автобусы»

(0 Votes)

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтті.

Мақсаты – балаларды білім беру ұймдарына тасымалдау барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Шараға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, АПБ ЮПТ-ның аға инспекторлары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

u

u2

Мектеп директоры Марат Ғилаев шараны ашып, Теңіз, Орлы ауылдық округтерінен білім ошағына 101 бала автобуспен тасымалданатынын тілге тиек етіп, акцияға сәттілік тіледі. Оқушылардың флешмобы тамашаланғаннан кейін, ХІХ республикалық слеттің жеңімпаздарының өнері тамашаланды. Бұдан кейін балғындар тақырыпқа орай асфальтқа салған суреттерін келген қонақтарға көрсетіп, өз жұмыстарын қорғады. Акция аясында бастауыш сыныптарда ашық сабақтар өтіп, ата-аналар мен балаларға қауіпсіз жол ережесі түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Мектеп алаңында оқушылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521