Зираттарды қоршау – аруақтарға құрмет

(0 Votes)

Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Қамзаева есепті хабарламасында жеткен жетістіктермен қатар, бірқатар түйткілдерді де қозғады.

Мәселен, ауылдық дәрігерлік амбулаторияны жоғары білімді дәрігермен қамту, Затон елді мекенімен ара қатынас үшін екі арадағы көпірдің жөндеу жұмыстарын жүргізу, пошта ғимаратын, округ әкімшілігінің кеңсесін, спорт алаңын салу, зираттарды қоршау, ауыл көшелерін түнгі жарықтандырумен қамтуды жалғастыру, елді мекеннің тазалық жағдайын қалыпта ұстау, жұмыссыздықпен күресу, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында инвестициялық жоба қарастыру және жаңа өндіріс көзін ашу жөнінде бірқатар жайттарға назар аударды. Баяндама жан-жақтылығымен тұрғындар ризашылығын туғызды.

Жарыссөзге алғашқы болып шыққан ауыл тұрғыны Асылбек Мусин ауыл әкімінің, учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына риза екендігін жеткізіп, еңбектеріне табыс тіледі. Ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Аманғали Сейтеков тұрғындарды ауыз сумен қамтудың жан-жақты мүмкіншілігін қарастыра отырып, оған тікелей әсер ететін арналарды тереңдетудің маңыздылығын алға тартты. Зейнеткер Файзулла Жұмақашев бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан үштұғырлы тіл саясатына оң көзқарас танытатынын айтып, Энгельс атындағы жалпы орта мектептен орыс сыныбын ашу жөнінде ұсынысын білдірді.

Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Светлана Уахасқызы дәрігер тұрақтау үшін жергілікті жердегі мектеп бітіруші түлектерді медициналық жоғары оқу орнына жіберу керектігін айтты.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров: - Сенімгерлік басқарудағы су тазарту имараттары алдағы уақытта «Атырау су арнасы» мекемесіне беріліп, бір жүйеден басқарылады. Бүгінде оның рәсімдеу жұмыстары жүруде. Зираттарды қоршау қомақты қаржыны талап етеді. Қазір оларды заңдастыру, қоршау жүргізу біртіндеп жүзеге асуда. Қиғаш өзенін қазу – бұл үлкен жоба. Оған қосылатын және құйылатын 126 шақырымды құрайтын Шарон өзені мен Жаркөсе және Ганюшкин арналарын түп тереңдетіп қазу бүгінде өз жалғасын табуда. Сафон ауылдық округіне ең ұзын ауылішілік жол салынуда. Алдағы уақытта оған толықтай қаржы қаралып, басталған жұмыстар толықтай аяқталады. Затон учаскесіндегі кірме жол және автокөлік көпірінің жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау биыл аяқталып, сараптамадан өткеннен кейін құрылысына қаржы бөлінеді.

Басқа да тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға аудандық мәслихат депутаты Рифхат Сұлтанияев, жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Фархат Қисымов тұшымды жауаптарын берді. Тұрғындар округ әкімі Роза Қамзаеваның жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалады.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521