Жолдаумен танысып, белсенділерді ұлығылады

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қанат Ғаббасов округке қарасты мекеме басшыларының, шаруа қожалық иелерінің, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жиналыс өткізіп, Елбасы Жолдауын бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Ол өз сөзінде маңызды құжаттағы он басымдыққа жеке-жеке тоқталып, негізгі міндеттерді саралады.

 

Қатысушыларға тұрғындар арасында саяси құжатты түсіндіру мен насихаттау жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар, округ 2018 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылуда болжамды 123, оның ішінде облыстық «Атырау» газетін 145, аудандық «Серпер» газетін 123 пайызға асыра және бірінші болып орындағанын мақтанышпен айтып, осы науқанда белсенділік көрсетіп, қолдау танытқандарға өзінің зор ризашылығын білдірді. Мұның артында елдің айрандай ұйыған ауызбіршілігі, ұйымшылдығы тұрғанына қуанатынын жеткізді.

Сонымен қатар, ұзақ жылғы абыройлы қызметімен тұрғындардың алғысына бөленіп, мәдениет саласының көркеюіне жан-жақты үлес қоса білген Еңбекші ауылдық клубының меңгерушісі Саламат Ғаббасовты зейнеткерлік жасқа шығуымен құттықтап, естелік сыйлығын табыстап, иығына зерлі шапан жапты.

Округ әкімі Қ.Ғаббасов 2018 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылуда ұжымының толықтай қатысуына мүмкіндік туғызып, округтің кейбір көмекті қажетсінетін отбасыларына демеушілік танытқан  «Құрманғазы СДО» ЖШС басшысы Б.Кенжебаевты, Еңбекші жалпы орта мектебінің директоры М.Шаяхметовті, ауылдық клубтың бұған дейінгі меңгерушісі С.Ғаббасовты, «Жұмекен» таза су қондырғысының басшысы П.Қайседеновті, «Ақтолқын» балабақшасының меңгерушісі Ә.Хамидуллинаны Алғыс хатымен марапаттап, естелік сыйлығын табыстады.

«Серпер» газетінің бас редакторы Т.Дәрелов дамудың он бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтінін айтып, бүгінгі таңда ауылдық округте орын алып жатқан оң өзгерістерді атап өтті. Әкімнің жоғары жауапкершілігі мен елді бір арнаға тоғыстырған ұйымдастырушылық қабілетін өзгелерге үлгі ететінін жасырмай айтып, баспасөзде үздіктер қатарынан шыққан ауыл басшысы Қ.Ғаббасовқа «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Б.Әбдешевтің Алғыс хатын ұсынды.

«Құрманғазы СДО» ЖШС  басшысы Б.Кенжебаев, Еңбекші жалпы орта мектебінің директоры М.Шаяхметов, «Қазпошта» АҚ аудандық торабының басшысы Н.Ғабдуллин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Шамбузов Елбасы белгілеген міндеттерді орындау әрбір отандасымыздың бұлжымас парызы екендігін алға тартып, соңғы жылдары баспасөзге жазылуда өзгелерден оза шауып, аудан мәртебесін асқақтатып, межені бірінші болып орындайтын Еңбекші ауылдық округімен мақтанатындарын жеткізді.

 

А.Шакупова.     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521