Жер телімін алғыңыз келсе...

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 15 бабының 1 тармағы негізінде аудан әкімдігінде ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша конкурсқа түскен өтінімдер қаралды.

Оған жер комиссиясы мүшелерімен қатар өтінім иелерінің кейбірі қатысты. Комиссия төрағасы Жандос Бектеміров әрбір лот бойынша түскен өтінімдерді ашып, конверттердегі құжаттарды таныстырды. Жалға жер сұраған кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарынан түскен 76 өтінімнің кейбірінің толтырылуында кемшіліктер бар. Мысалы, өтінімдегі тегі мен жеке куәліктің көшірмесіндегісі сәйкес келмейді. Тағы бірінде екі лотқа бір өтінім жіберілген. Алға қарай осыны есте сақтаған дұрыс. Жер сұрағандар «Көнеу», «Шайхы», «Мальцев», «Тасқұдық», «Қоянды», «Құмқұдық», «Бұйырғын», «Қарағайлы», «Дәшін», «Терешкин», «Бабий» және т.б. участоктарды таңдаған. Кейбірі бірнеше лотқа түскен екен. Оның себебі біреуінен жер телімін алмай қалса, екіншісінен тиіп қалар деген үміт. Алды 200, соңы 60 гектар сұраған. Жалпы конкурсқа түскен жерлердің барлығының да иесі жоқ, игерілмеуі себепті кері қайтарылғандар.

Конверттегі өтінімдер ашылғаннан кейін аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Маркс Мұстахишев, аудандық жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрболат Тілепбергенов және кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Хасанов түсінік беріп, бұл жұмыс заңға сәйкес атқарылып отырғанын жеткізді. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов жаңа ережемен кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын таныстыру қажет деген ұсынысын ортаға салды. Конкурстың ашылуын аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров қорытындылап, жер беру бұрынғыша заң шеңберінде жүргізілетініне, ешкімнің де құқы шектелмейтініне тоқталды. Енді жер телімін алғыңыз келсе, конкурсқа қатыса аласыз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521