Жемқорлықтың жолына тосқауыл қоямыз!

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай аудандық форум өтті.

Алдымен лед экраннан адам өмірге келгеннен бастап қауіпті құбылыстың көріністеріне жиі ұшырасатыны, ал оның салдары түрлі жазалау шараларына әкеп соғатыны көрсетілген бейнеролик тамашаланды. Шараны жүргізген Р.Тоқаев пен Г.Ермұратова облыс тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағытында биылғы жылы 1500-ден астам іс-шаралар жүзеге асырылғанын тілге тиек етіп, форумды ашық деп жариялады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектеміров Елбасы қауіпті індетпен күресу үшін мемлекет қоғаммен жұмыла отырып жұмыс істеу қажеттігін Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында айтып келетінін еске салып, бұл тұрғыда аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға ойысты.

Қоғамда қауіпті құбылыстың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда белсенділік танытқаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен бір топ белсенділерді марапаттады. Аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ұ.Сапарова еліміздің қауіпті кеселге қарсы саясаты жөнінде сөз қозғап, онымен барша қоғам болып жұмыла күресуге шақырды.

Бүгінде барлық салаларды қамтып отырған жемқорлық фактілерінде пара беруші де, алушы да жазаға тартылатыны, қауіпті құбылыстың салдарынан отбасы мен қызмет орны да зардап шегетіні түсіндірілген бейнеролик форумға қатысушылардың назарына ұсынылды. Қ,Хасанов, А.Халықов сынды мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерді орындады. Соңында шараны жүргізушілер форум эстафетасы одан әрі Мақат ауданына жолданатынын қаперледі.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521