Жемқорлықтың әрісі – темір тор

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бағытында семинар өтті.

Семинарға бөлім басшылары, округ әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Оның жұмысын аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып, мақсатын түсіндірді. Баяндама жасаған аталмыш Департаменттің бас маманы Абылай Сисенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға, 2014 жылы түбегейлі өзгертілген Қылмыстық Кодекс пен Әкімшілік Кодекстің кейбір баптарына қысқаша тоқталды. Жемқорлықты максималды азайтқан Финляндия мемлекетінің тәжірибесіне қатысты қызықты статистикамен бөлісіп, бұл нәтижеге үздіксіз үгіт-насихаттың арқасында жеткенін айтты. Одан әрі баяндамашы:

-Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметі азаматтар үшін «клиентке бағытталған», ашық және кедергісіз қызмет қағидаттарына негізделген. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін арттыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың тікелей байланыстары азайып, сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын жағдайларды төмендетуге мүмкіндік берді. Қызметтердің 49% -ы қазіргі уақытта онлайн режимде, ал, кәсіпкерлерге берілетін барлық лицензиялар мен рұқсаттар тек электронды түрде жүзеге асады. Алдағы бірнеше жылда мемлекеттік қызметтердің 90 %-ы электрондық форматқа көшіріледі, ал, қалған 10%-ы Еуропа мен әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша орындалатын болады. Жалпы мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша жүргізілген жүйелі шаралар тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейінің үштен екі бөлігін қысқартуға мүмкіндік берді, - деді.

Семинар барысында жемқорлықпен ұсталып, бүгінде темір тордың арғы жағында жазаларын өтеп жатқандар жайлы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Онда олардың кейбірі көздеріне жас ала отырып, басқаларды өздерінің қателіктерін қайталамауға шақырды. Соңында аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев жақсы түсінік бергені үшін А.Сисеновке ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521