Жаяу жүргіншілер көпіріне көлікпен шықты

(0 Votes)

Оқиға 1 қыркүйек күні сағат 11.00 шамасында болған. Оны ауыл тұрғындары видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялағандықтан әртүрлі пікірлер жазылуда.

Осыған орай аудандық Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметі Жапырық ауылындағы жаяу жүргіншілер көпіріне шығып кеткен "Ваз 21070" маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталғанын хабарлады. Жергілікті полиция қызметі жүргізушінің аты-жөнін,туған жылын, Нұржау ауылының тұрғыны екенін, №0572943 нөмірлі әкімшілік хаттама толтырылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 596 бабымен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынғанын айтып хабарлама жіберіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521