Жастар жылы – жаңа толқын, жаңа леп

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Оған өңірдің белсенді қыз-жігіттері қатысты. Алдымен сөз алған аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Бисенғалиев жастар саясатын жетілдірудің бағыт-бағдарын белгілеп, жаңадан жүзеге асатын және қайта жаңғыртылатын іс-шараларды саралап, атқарылатын жарқын жобалармен таныстырды.

Облыстық дін істер басқармасы ақпараттық талдау орталығы Құрманғазы аудандық бөлімінің басшысы Е.Боранғалиев, Ақкөл ауылдық жастар ұйымының жетекшісі Е. Ибрагимов, кәсіпкер Т.Жұмалиев талай жасқа ой саларлық дүние айтып, «Ел мен үшін не істей алады деп емес, мен ел үшін не істей аламын» деген ұстаныммен өмір сүруге үгіттеді. Дінтанушы-теолог А.Қайса имандылық тәрбие бағытында сөз қозғап, жас буынға тіл тазалығын сақтаудың маңыздылығын алға тартты.

Атырау облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Р.Ғилажев жастар арасындағы қылмыстың, ажырасу фактілерінің алдын алу бойынша аймақтағы ахуалға тоқталып, ең бірінші кезекте кәсіпті таңдауда қателесуге бой алдырмауға кеңес беріп, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман болуға шақырды.

Аудан әкімі Б.Шаяхметов ұлттық құндылықтар, отаншылдық тәрбие бағытында ой өрбітіп, жастарға мемлекет тарапынан қарастырылған үлкен мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жөн сілтеді.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521