Жарайсыңдар, «Жас патриоттар»!

(0 Votes)

Жас ұрпаққа рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасын қалыптастыру бағдарламасын іске асыруда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауы өтті.

Клуб мүшелері байқауда төрт кезең бойынша сынға түсті. Байқаудың шарттарын орындауда әділқазылар алқасы оқушыларды тапқырлық, ұтқырлық, шешендік қасиеттеріне сай бағалап отырды. Нәтижесінде 15 білім ошағының ішінен Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің «Жас патриоттар» тобы оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Жақында енді бұл топ облыстық слетке қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, мерейін өсіріп қайтты. Өйткені, облысымыздың барлық аудандарынан қатысқан тартысты бәйгеде біздің патриоттар суырылып алға шығып, жүлделі І орынды иеленді. Облыстық білім басқармасы әдістемелік бөлімінің басшысы Зина Ізтелеуова жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Шынар Әнесова,

Гагарин атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521