Жанашырлыққа – жан риза

(0 Votes)

«Балам» деген жұрт болмаса – «жұртым» дейтін бала қайдан шықсын?» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі күнде болашағымыз – балаларымыздың көңіл көкжиектерін көтеріп, мерейлерін үстем етуді тек ата-анасына жүктеп қана қоймай, ел болып, жүзеге асыру қажеттігі аңғартатындай.

Бұл тұрғыда әр баланың қуанышын еселеуде. Елбасы қолдауымен республикамызда өтіп жатқан дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы Сүйіндік орта мектебінде де биыл оңды жалғасын тапты. Мақсаты – аз қамтылған және көп балалары отбасылардағы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың мектепке барулары үшін алдын-ала көмек көрсету, қол ұшын созу. Округ әкімі Ақылбек Төлепқалиұлы аталмыш акция аясында Сүйіндік, Лабай жалпы орта мектептері мен Батырбек бастауыш білім ұясының оқушыларына «Бекмұханбет Хазірет Халпе» мешіті жанынан бөлінген қаржыға мектеп формасы мен оқу құралдарын табыс етті. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Раушан Хайрлина және шаруа қожалық иесі Темірболат Ишмұратов та демеушілік көрсетіп, қайырымдылық іс-шарасына белсенділіктерін танытты.

Н.Қуанғалиева,

Сүйіндік ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521