Жалпыхалықтық диктант жазылды

(0 Votes)

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2 тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында республика көлемінде бір мезетте жалпыхалықтық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.

Оған 15 жастан асқан барлық азаматтар – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, студенттер, оқушылар қатысты. Ауданымыз бойынша 54 орында 7200 қатысушы қамтамасыз етіліп, олар жаңа емле ережесіне сай «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы мәтінге диктант жазды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521