Жаңа жыл құтты болсын!

(0 Votes)

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Мол үмітке толы 2019 жыл құтты болсын. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап алдымызға жаңа жоспарлар, міндеттер қоямыз. Тарих қойнауына енген жыл айрықша оқиғаларға толы болды.

Өткен жыл өркенді істерімен есте қалды. Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде және Президентіміздің Жолдауын жүзеге асыру бағытында қоғамдық – саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы маңызды мәселелерді кезең-кезеңмен шешіп, бәсекелі ортаға бет түзедік.

Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін. Осының бәрі татулықты ту етіп, ынтымағы жарасқан халқымыздың, яғни Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі.

Жыл өткен сайын аудан халқының тұрмыстық жағдайы жақсарып келеді. Аудандағы барлық өндіріс, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, тағы басқа салаларда еңбек ететіндер өз шеберліктерін жыл өткен сайын шыңдап, биік жетістіктерге жетуде. Құрманғазылықтар қай салада еңбек етсе де өзі және отбасы үшін ғана емес, туған жеріміздің өркендеуі үшін аянбай тер етуде. Сондықтан, аудан тұрғындарының барлығына шынайы алғысымды білдіремін.

Жаңа жыл баршаңызды жаңа бақытқа, үлкен арман-мақсаттарға жетелеп, ертеңгі күнге сенімдеріңізді еселей түссін. Әр істе бастамаларыңыз баянды болсын. Сіздерге ашық аспан, берекелі ғұмыр, бақыт тілеймін!

Ізгі тілекпен, Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы: Ж.Бектеміров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521