Жүргізуші куәлігі өзгеруі мүмкін

Аудан тынысы

Жүргізушілер куәлігі мен техника құжаты жаңа дизайнда шығуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі «Ашық НҚА» порталында осындай өзгерістер жобасын ұсынды.

Жүргізуші куәлігінің түсін өзгерту ұсынылған, ол ашық күлгін болады. Ақпарат сақталатын микросхема артқы бөлігіне ауысады. Сондай-ақ, техника құжатында штрихкод пайда болады. ІІМ жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті даярлауға сапалы әрі технологиялық өнімді пайдалануға уәде берді.

Дереккөз: Tengrinews.kz