Жүрек жылуы

(0 Votes)

З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында «Қамқорлық» акциясының аясында ардагер ұстаздар, демеушілік жасаған кәсіпкерлердің қатысуларымен «Қайырымдылық – ізгілік нұры» атты шара ұйымдастырылды.

Мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетіп, балғындарға жан жылуын сыйлаған жомарт жандарды ұлықтау.

Алдымен мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Темірешова түзету сыныптары бойынша «Жылы жүрек – жомарт қол» тақырыбында сазды бағдарлама өткізді. «Мейірімділік шуағы сөнбесін» өнеге сағаты, «Білімдінің сөзі – ем, мейірім – көп, өзі – кең» атты сыр-сұхбат, «Жүрек жылуы – мейірімділік белгісі» дөңгелек үстел, «Қарым-қатынаста біз қандаймыз?» психологиялық тренингті мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Сақтағанованың бастамасымен ұстаздар ауызбіршілікпен жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатысушы қонақтардың ризашылығына бөленді. Акцияда «Интернат ТВ» бағдарламасының кезекті түсірілімі назарға ұсынылды. Оны дайындаған тәрбиеші Б.Болатов 10 сынып оқушысы Н.Тілепбергеновпен сұхбаттасты.

Соңында мектеп директоры Қабдрахим Бисенғалиев балаларға жақсылық жасап, қуаныш сыйлаған жеке кәсіпкерлер мен бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

 

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521