Жұмыссыздықпен күресеміз

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы тұңғыш Жолдауы ел өміріндегі маңызды оқиға болды.

Бұл құжат қалыптасқан мемлекеттің жетістіктерін одан әрі дамытуға және арттыруға бағытталған. Жолдауда азаматтардың барлық конструктивтік сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды. Президенттің адами капиталды дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, бизнесті өркендетудегі бастамалары өте орынды. Сонымен қатар, педофилияға, есірткі саудалауға, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа, балаларға қатысты жасалатын өзге де қылмыстарға жазаны қатаңдату қажеттігі айтылды.

Біз де өз ауылымызда құқық бұзудың алдын алумен жұмыстанудамыз. Оның басты себептерінің бірі – жұмыссыздықты жоюмен айналысуды бүгінде біржола жолға қойып келеміз. Қазіргі уақытта округте 22 адам тұрақты жұмыспен, 5-еуі жастар тәжірибесімен, 51-і қоғамдық жұмыспен қамтылды. Кәсіби даярлау курстарынан 7 адам өтіп, біліктіліктерін арттырды. Сонымен бірге, ауылымызда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану,салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында 1 спорт нұсқаушы маманы жұмыс жасаса, балалар және футбол алаңдары, мектептің спорт залы тұрғындар игілігіне берілген. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жастардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болуларына айрықша маңыз берген. Біз де олардың ешкімнің ала жібін аттамай түзу жүріп, қоғамға өз пайдасын тигізулеріне ықпалды көмек жасайтын боламыз.

А.Жұмабекұлы, Мақаш ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521