Заңды тұлғаны тіркеудегі өзгерістер

(0 Votes)

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына түзетулер енгізілді.

Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде ағымдағы шот, банктік шот ашуға, жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Doing Business» рейтингісінің есеп айырысу әдіснамасы бойынша, барлық іс-әрекеттер бизнес ашуға шешім қабылдағанға дейін, мерзімі мен шығындарын өтеу рәсімдері есепке алынады. Яғни, қажетті бизнесті бастау үшін заңды тұлғаларды әділет органдарында тіркеу рәсімін жүргізуге ғана байланысты емес, барлық іс-шаралардың спекторы тиісті органдарда кәсіпорынның және оның қызметкерлеріне қатысты қажетті рұқсаттарды, талап етілетін хабарламаларды, куәліктерді алу және тіркеуді рәсімдеуден өткізу қамтылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатқаны үшін бюджетке тіркеу алымын төлеу, жеке меншік компаниялардың мөрлері болуы туралы талаптаралынып тасталды. Заңды тұлғалардың банкте шот ашқан кезде жарғысының нотариаттық көшірмелерін ұсынуы және адамдардың қолы нотариат куәландырған талап та жойылды. Аудандық Әділет басқармасы қызметіне жүргізілген талдаулар өткен жылы заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты 139 өтініш келіп түскенін көрсетті. 2018 жылдың 10 айында түскен өтініштер саны – 58. Есепті кезеңде 19 заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге тұрса, 27 заңды тұлға қайта тіркеуден өтті. 12-сінің құжатына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Тіркеу жұмыстарына қатысты шағымдар түскен жоқ.

Ә.Дарғожина,

басқарма басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521