Заңдағы өзгерістер түсіндірілді

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық сотында заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараны аудандық соттың төрағасы Ерболат Аманғалиев ашып, мақсатын түсіндірді. Аудандық соттың судьясы Гүлсім Тасқынбаева ҚР кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кең көлемде тоқталды.

Құрманғазы аудандық прокуратурасының прокуроры Асланбек Байбосынов ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына енгізілген кейбір өзгерістерді атады. Аудандық заң кеңесінің меңгерушісі, адвокат Ұлмекен Сапарова борышкердің алименттік шотына қатысты өз пікірін ортаға салды. Атырау өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Зоя Дүйсенова санкциялау, атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын орындарда тәртіпті қамтамасыз ету, мәжбүрлеп әкелуді жүзеге асыру, мүлікке тыйым салу хаттамасы бойынша енгізілген өзгерістерге түсінік берді. Пікір алмасу барысында аудандық соттың судьясы Бейбітгүл Менситова салық кодексі мен банктерге қатысты, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Марат Хасанов, аудандық Әділет басқармасының басшысы Әсел Дарғожина тұрғын үй, ауыл шаруашылығы жерлерін беру және заңға енгізілген басқа да толықтырулар жөнінде сөз қозғады. Дөңгелек үстелді аудандық соттың төрағасы Е.Аманғалиев қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын жеткізіп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521