Қылмыстық іздестіру қызметіне – 100 жыл

(0 Votes)
Аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының мәжіліс залында қылмыстық іздестіру қызметінің (криминалдық полиция бөлімшесі) 100 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Оны аталмыш бөлімнің бастығы Е.Биғамбаев ашып, сала ардагерлерін, қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы М.Үмбетәлиев ғасырлық тарихы бар саланың мемлекет үшін маңыздылығын тілге тиек етіп, қылмыс болған орынға тез жетіп, ширақ қимылдап, құқық бұзушыны жедел тауып жүрген азаматтардың қажырлы еңбегін айрықша атап өтті. Келесі кезекте аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Мерханов ақжарма тілегін білдіріп, Ж.Қаспанов, Е.Айтимов, Т.Каримов, А.Күншығаров сынды сала ардагерлерін және бөлім бастығы Е.Биғамбаевты мерекелік медальдармен ұлығылады. Сонымен қатар, шарада криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне түрлі марапаттар табысталып, кадр жұмысы қызметкері А.Бисенғалиев бір топ тәртіп сақшыларының арнаулы атақтары келуіне байланысты оны салтанатты түрде ұсынды. А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521