Тоқсандағы тыл қаһарманын құттықтады

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Олжас Тәжібаев, ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Сапарғалиевпен бірге 90 жасқа толған тыл еңбеккері, «Алтын алқа» иегері Усаева Мақышты шаңырағына барып құттықтады.

Усаева Мақыш Сабихиқызы 1929 жылы 1 қаңтарда Нұржау селолық кеңесіне қарасты Сарытөбе деген жерде дүниеге келген. 9 жасында ата-анасынан айырылып, аға-жеңгесінің қолында тәрбиеленген. Ұлы Отан соғысы жылдарында жол салу, егіндікке су жүретін канал қазу сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. 1947 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдарының иегері Усаев Қабаспен шаңырақ көтерді. Жұбайы екеуі 49 жыл отбасылық өмір кешіп, 10 баланы дүниеге әкелді.Бүгінде оның 8-і  аман-сау. Осы 3 ұл, 5 қызынан ардақты да асыл әже 18 немере, 24 жиен, 14  шөбере, 75 жиеншар сүйіп отыр.

Округ әкімі Мақыш әжемізді мерейлі жасымен құттықтап, еңбек адамы ретінде оның елде құрметті орны бар екенін жеткізді. Жасы тоқсанға келсе де сөзі түзу кейуана өткен өмірі жайлы сыр шертіп, соғыс жылдарында көрген қиындықтарын әңгімеледі. Туған күні деп өзін елеп келген ауылдың басшы азаматтарына алғысын айтып, еліміз тыныш, халқымыз бейбіт өмірде сүрсін деп ақ батасын берді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521