Теңге – ұлттық табыс кепілі

Аудан тынысы

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде қаржы саласы қызметкерлері мерекесіне орай «Теңге – ұлттық табыс кепілі» атты салтанатты шара өтті.

Шара ұлттық валютамыздың 25 жылдығы мен аудандық экономика және қаржы бөлімінің 90 жылдығына арналды. Алдымен LED экран арқылы төл теңгеміздің айналымға енуі, оның Тәуелсіз мемлекетіміздегі орны, аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметі туралы деректі бейнетүсірілім тамашаланды.

Мерекелік шарада аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Хасанова хабарлама жасап, атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жастілек Хасанов құттықтап, қатысып отырған қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерінен отыздың үстінде адамға облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық қаржы басқармасының, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. Олардың қатарында Сара Нұржанова, Гүлнар Хасанова, Баян Олжабаева, Рыс Әбішева, Аделя Нұрмағамбетова, Рая Қаженова, Райхан Қабиева, Жания Қисамеденова, Әлия Сатекова, Светлана Әмірова, Мәншүк Ғұмарова, Айдана Каниева, Жазира Халуова, Қазима Ерғалиева, Айгүл Қабдрахманова және т.б. бар.

Қаржы саласы ардагерлері атынан ұзақ жылдар «Халық банк» АҚ аудандық филиалын басқарған Ержан Ғайнетов сөйлеп, көрсетіліп жатқан құрмет үшін ризашылығын білдірді. Сала қызметкерлеріне арналған мерекелік сазды бағдарламада аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

Қанат ҒҰМАРОВ