Талғат тағы да биіктен көрінді

(0 Votes)

Бүгінде мемлекетіміз шағын және орта бизнесті дамытуға ден қойып келеді.

Бірақ, кәсібін дөңгелентіп отырғандардың арасында өз өнімін ұсынушылар аз. Ал, қазақтың қолөнерін ортамызға қайта оралтып, ағаштан тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасайтындар мүлдем сирек. Қолөнер шебері, жеке кәсіпкер Талғат Жұмалиевтің есімі ауданымызға кеңінен танымал. Ағаштан түйін түйген жігіттің жасаған бұйымдары бұған дейін Елордамыз Нұрсұлтан қаласында, тіпті Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткен халықаралық көрмеде де лайықты бағаланған. Жақында Талғат тағы да биіктен көрінді. Атырау қаласында ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары-2019» аймақтық көрме-конкурсына қатысып, 70-ке жуық кәсіпкердің ішінен Нұрсұлтан қаласында өтетін байқауға жолдама алды.

- Көрме ерекше болды.Тәжірибе алмастық. Атырау облысында өндірістік бағыттағы жұмыстар жақсы дамып келе жатқанын көрдік. Халық тұтынатын тауарлар бойынша «Үздік тауар» аталымын иеленіп, Нұрсұлтан қаласында өтетін республикалық көрме-конкурсқа қатысуға жолдама алдық. Бұл да еңбегіміздің бағаланғаны деп ойлаймыз. Шағын шеберхана болсақ та көрме-конкурсқа қатысып, бас жүлде алып жатқанымызға қуаныштымыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып,бізді осындай шараларға қатыстырып, халық тұтынатын бұйымдарымызды насихаттауға көмегін тигізіп жүрген аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қайсар Мақсотовқа ризашылығымызды білдіремін, - дейді кәсіпкер.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521