«Такси» фильмінің басты кейіпкері Абай өлеңін оқып, эстафетаны GGG-ге жолдады

(0 Votes)

ҚазАқпарат – «Такси» фильміндегі ролімен әлемге танымал болған француз актері Сами Насери Абайдың өлеңін өз тілінде оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемге әйгілі «таксистің» видеосы Instagram-дағы«ztb_video» тобының парақшасында жарияланды. «Барлықтарыңызға сәлем! Мен француз актеры Сами Насеримін», - деп өзін таныстырған актер Мұрагер атты досынан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алғанын айтады.

Осыдан кейін актер «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты Абай өлеңін француз тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521