«Таңат құдығы» деп заңдастырған абзал

(0 Votes)

Мен құмда өскен қыр баласымын. Теңіз өресіндегі атаулардың қазақша жаңғыруын өте-мөте құптаймын. Сонда да санаға сіңген кейбірін бірден сылып тастауға келмейтіндей көрінеді де тұрады. Жарайды, В.И.Ленинді аластағанда оның әйелі Н.К.Крупская кім болыпты дейік.

Екеуінің арғы жағындағы рухани дем берушісі Ф.Энгельстің де қажеті жоқ екені белгілі. Енді Ю.А.Гагарин дүниежүзіндегі тұңғыш ғарышкер ретінде құрметтеуге лайық емес пе? Еділ – Жайық арасының абызы атанған Рахмет Иманғалиев былай деп еді: («Атырау», 2004 ж). «Ауданда Гагарин атындағы орта мектеп бар. Дұрыс дейік. Ғарышкер болу қай халыққа да арман және ғаламат ерлік. Жастарымызды ерлікке баулитын Юрий Гагарин сияқты есімдер қай қоғамда да керек». Менің де ішкі дүнием осы пікірмен орайлас. Тағы бір ойым аудан орталығындағы бір мектеп Ломоносов атауымен қала берсе дейді. Большевиктер көсемі Ленинмен екі сағаттай ырғасып, өз сөзін өткізетін қайраткер Ермек Әлімқұлов емес, Әлімхан Ермеков болатын. Х.Досмұхамедов екеуінің табандылығының арқасында Ресеймен шектесетін жеріміз  бізге қалғаны тарихта бар.

Шүкір, бұрынғыдай емес, жаппай оңды – солды адам аттарын тели салу тежеліп, бірізділікке түсіп келеді. Қошалақтан асып, Азғырға кететін жолдың бойында «Таңат құдығы» тұр. Қос Ленин орденді шопанның қонысын жолаушылар өз есімімен атап кеткен. Соны заңдастыру ғана қалып тұр.

Нарын құмында қиын –қыстау, аштық – зұлмат заманда қыр қазағына талғажу болған құмаршық деген шөп өседі. Құмаршықтың құнарын дәлелдейтін мысал құжаттанып, тасқа да басылыпты. Айталық «Ұлы Отан соғысы кезінде Қошалақ ауылдық кеңесінде пәленбай кг құмаршық өндірілді» дегенді тарихшының баяндамасынан тыңдағаным бар. Тағы да Нарын құмының құнарлы құмаршығынан қуат алған қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова «Қыр қазағын талай аштықтан алып қалған құмаршыққа ескерткіш қою керек» деген екен. Меніңше, бұл құмаршықта қасиет пен кие бар. Осы құмаршыққа атаулар қойсақ, қанеки?

Кең далада  жосылып жүретін, тағы да ерке, сұлулықтың символы киік атаулы көзден бұлбұл ұшты. Көшелер мен нысандарға, ғимараттарға «жезкиік» атауын берсе жарасып тұрар еді.

 

Есмұхан Жанизин.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521