Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырды

(0 Votes)

Атырау облысы Әділет департаменті және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Нотариаттық палатаның нотариусы, Қорғаушылар алқасының адвокаты, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жылжымайтын мүлік орталығы, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері ауданымызға келіп, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу өткізді.

Оған барлық округ әкімдері, бөлім басшылары, білім, денсаулық, мәдениет саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев ашып, облыстан арнайы келген лауазым иелерін таныстырды. Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Каримов Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды насихаттау, заңнамаларға енген өзгерістерді түсіндіру, жұмыспен қамту, атқару өндірісі, сонымен қатар, мемлекетпен кепілдендірілген тегін заң көмегін беру, нотариаттық іс-әрекеттер бойынша хабарламалар берілетінін қаперлеп, қатысушыларға осы бағытта өздерін толғандырған мәселелерін ашық ортаға салуды ұсынды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521