Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!

(0 Votes)

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» жалпы республикалық акцияның басталғанын хабарлаумен келеді.

Мақсаты – халықты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, салықтық сауаттылық деңгейін көтеру, көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту, кәсіпкерлер арасында шынайы бәсеке тудыру.

Акцияға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ол үшін ұялы телефонға Wipon мобильдік қосымшасын тегін жүктеу арқылы кассалық чектің фотосын жіберсе жеткілікті. Акцияға қатысу үшін мынаны білу қажет:

Тегін мобильдік қосымша Wipon (GooglePlayMarket, AppleAppStore) жүктеу; Түбіртекті (чек) суретке түсіріп жіберу;

Тауарды сатып алу уақыты және күні 2018 жылдың 21 мамырдан бұрын болмауы тиіс;

Түбіртек сомасы - 0-ден жоғары. Жеңімпаздар кездейсоқ таңдау жолымен анықталады. Акция екі деңгейде өтеді:

Бірінші деңгей: Мемлекеттік кірістер департаменттерінің жанында ай сайын – маусымнан қарашаға дейін – бағалы сыйлықтар тапсырумен үш жеңімпаз анықталады. Екінші деңгей: ұтыс ойыны тікелей трансляция ұйымдастыруымен Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 11 үйде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, үш жеңімпаз және қосымша «Ең белсенді салық төлеуші» номинанты (көп чектер жіберген) анықталады. Екінші деңгейдегі бас жүлде – автокөлік. Жүлделерді алу үшін жеңімпаздар салық органдарының қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжат және ұтыс чегінің кодын көрсетуі қажет.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы аталған акцияға аудан тұрғындарын белсене қатысуға шақырады. Толығырақ Атырау облысы бойынша МКД-нің сайтында – http:// atr.kgd.gov.kz/ru Акция бойынша сұрақтар – 2-10-42 ; 2-01-11 телефондары арқылы. Техникалық мәселелер бойынша 7(7172) 73-80-63;E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521