«Сыбайластық – қоғам дерті»

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі аппараты және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сыбайластық – қоғам дерті» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер мен жастар арасында пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды.

Мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев, парақорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Осыған сәйкес, «Тарлан» және «Бастау» командалары ойын барысында ұтымды ойлары мен тың идеяларын ортаға салып, қауіпті кеселдің елімізге тигізер зиянын ашып көрсетті.

Барлық қатысушылар жақсы ізденіс, дайындықпен келген, себебі тапсырмаларды жоғары деңгейде алып шықты. Сонымен қатар, топ мүшелері сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, профилактикалық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігі жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Қорытындысында жас мемлекеттік қызметшілерден құралған «Бастау» командасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Бисенғалиев белсенділік танытқан жастарға ризашылық білдіріп, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521