Сығырайған жарығымыз жарқырайтын күн болса...

(0 Votes)

Ауыл топырағында туып, осы жерден алғаш мектеп қабырғасында оқып, туған жерден қызмет бабын тауып, осында өсіп-өніп келеміз.

Ақкөл ауылындағы үйіміз өткен ғасырдың 70-80 жылдары теміржолшыларға арналып салынған үйлер және соңғы уақытта олардың қасынан салынған жаңа баспаналар баршылық. Қазіргі уақытта ПМС деп аталады. Құдайға шүкір, көгілдір отын үзбей беріледі, суымыз қыста бар, жазда жоқ, ал жарығымыз үнемі көңіл көншітпейді. Электр тогының жетіспеуінен жазда тоңазытқыш, салқындатқыштарымызды қоса алмаймыз, ал, қыста тіпті шәйнектің өзін әрең қайнататындай жағдайға жетеді. Жыл он екі ай бойы жарық жиі сөнеді. Үй шаруашылық техникалары 220 вольт қуат көзімен жұмыс жасайтынын ескерсек, үйімізге сырттан келіп тұрған токтың қуаты небәрі 130-200 вольттың шамасы. Әрдайым осындай ток күшімен істейтін тұрмыстық техникаларымыз көпке шыдамай іске аспай қалуда. Жарық көзінің ай сайынғы төлемақысын «Атырау Жарық» мекемесіне уақтылы төлеп тұрамыз.

Бұл мекемеге шағымданғанымызда «Атырау Жарық» АҚ-ның Құрманғазы АЭЖ бастығы И.К.Мұханбеталиев Ақкөл ауылы оларға қарамайтынын айтып, ауылдың электр желілері «ЭЧ-4» АҚ-на қосылғанын, сол мекеменің балансында екенін жеткізді. «ЭЧ-4» АҚ басшысы Талғат Ермұратовқа барғанымызда, ол да бұл мәселеге қауқарсыз екенін алға тартып, еңсемізді түсіріп шығарып салды. Кешкі уақытта жарықтың нашарлығы балаларымыздың сабақ оқуына көп кедергі келтіруде. Тұрғындарға ауадай қажет электр қуатын реттеп берсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді.

Елеусін Ибрагимұлы,

Ақкөл ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521