«Студент» профилактикалық іс-шарасы өтті

(0 Votes)

Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу мақсатында облыс көлемінде «Студент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Осыған орай, аудандық ІІБ барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Іс-шара барысында бөлімге 7 жасөспірім келтіріліп, 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Профилактикалық жұмысқа барлығы 43 адам қатысты.

Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде жүруін болдырмау мақсатында аталған мекемелер толықтай тексерілді. Шара кезінде жасөспірімнің әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін және басқа да себептермен 1 ата-ана қолайсыз отбасы есебіне алынды.

Мейрамбек Сахташов,

полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521