Спортшы мұғалімдерді қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев облыстық мұғалімдер спартакиадасында жалпы есепте жүлделі І орынды жеңіп алған аудан командасын қабылдап, құрмет көрсетті.

Ол өз сөзінде облыстық спартакиадаларда мемлекеттік қызметшілердің, дәрігерлердің, оқушылардың, ардагер спортшылардың топ жарып жүргенімен, ұстаздардың мұндай биікті бағындырмағанына көп болғанын атап өтіп, биылғы додаға тыңғылықты дайындықпен барып бірінші орыннан көрінген мұғалімдердің жетістіктеріне жақсы бағасын берді. Педагогикалық ұжымда салауатты өмірді серік еткендердің санын арттырып, олардың спортпен шұғылдануына жақсы жағдай туғызып отырған мектеп басшыларына, білім бөлімі мамандарына рахметін айтты. Мұғалімдер сайысында табысты өнер көрсеткендерді алғыс хатпен марапаттады.

Келесі кезектерде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Мұқашев, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып қоймай, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға өздерінің жеке үлгісімен атсалысып жүрген ұстаздарға ризашылықтарын білдірді. А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521