Спорт кешені салынса деймін...

(0 Votes)

Жылдағы дәстүрге сай алдымыздағы ақпан айының 1-інде аудан әкімінің халық алдындағы есебі және 2019 жылы аудан экономикасының даму жоспары туралы жиыны болатыны белгілі.

Осыған орай, өзімнің кейбір ұсыныстарыммен бөліссем деймін. Мені қазір жас ұрпақ тәрбиесі қатты алаңдатады. Әрине, елімізде олардың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Облыс орталықтарында ойын-сауық алаңдары, спорт-сауықтыру кешендері, зияткерлік мектептер салынып пайдалануда. Мұндай балалардың денсаулығы мықты, ой өрісі дамыған болып шығатыны белгілі.

Біздің аудан орталығындағы спорт және дене шынықтыру кешені Құрманғазы ауылындағы барлық балғындарды қамти алмайды. Ауылдың шығыс бетіндегі «Самаркин», «РТС», «Қадыр ата» және «Ескі аэропорт», «Әлсейіт» мөлтекаудандары спорт кешенін қажет етеді. Мен сияқты осындағы басқа ата-әже, әке-шеше де балалары мен немере-шөберелерінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғанын қалайды. «Ұрпақ тәрбиелеу – болашаққа салған инвестиция» деп Елбасы айтқандай, олардың жағдайын жасауға тырысайық.

Райымбек Кереев,

тыл еңбеккері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521