Әскери есепке тіркеуден қапы қалмаңыз!

(0 Votes)

2019 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары басталады.

Олар жыл сайын қаңтар-наурыз айларының аралығында міндетті түрде сол жылы 17-ге толатын ер азаматтармен өткізіледі. Бүгінде тұрғындар арасында осы жасқа келген балаларын әскери есепке тіркетпей жүре беретіндері кездеседі. Ал, олар өз кезегінде оқуға түсейін десе жергілікті жердегі ҚІЖБ-нен анықтама сұратады. Оны беруге келгенде кәмелетке толмағандар уақытында әскери есепке тіркелмегендер болып шығады.

Яғни, көбіне олар азаматтық есепті әскеримен шатастырып жатады. Аудандық қорғаныс істері бөлімі түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Күзгі каникул мезгілінде білім беру ұйымдарындағы БӘД жетекшілері, медбикелердің қатысуымен семинар сабақтар өткізілді. Барлық ауылдық округ әкімдеріне тиісінше талапхаттар қосымшасымен бірге жіберілді. Ендігі мақсат – осы тіркеу жұмыстарын уақтылы, әрі сапалы аяқтау.

Аудан тұрғындарынан 17-ге толатын ұлдарының тізімін нақтылау үшін округ әкімдігіне тіркетулерін сұраймыз. Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығы 3-тарауында: «Әскери есепке алуды қамтамасыз ету үшін әкімдер»: 1) әскери есепке немесе есептен алуды жүргізеді және олардың аумағында тұрақты тұруға немесе уақытша болуға (үш айдан астам мерзімге) келетін (басқа ауданға, қалаға көшіп кететін) әскерге шақырылушыларды есепке алады; деп жазылған. Осыған байланысты, ауылдық округтің ӘЕМ мамандары 2002 жылы туылған ер азаматтардың жеке істерін жинақтап тапсыруы қажеттігін қаперге береміз.

Е.Өмірбеков,

бөлім бастығы, капитан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521