Әскери есепке тіркелмегенге шара қолданылады

(0 Votes)

Он жеті жасқа толатын ҚР ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады. Бұл еліміздің 2012 жылғы 16 ақпанда шыққан №561-ІV Заңының 16 бабында да айқындалған.

Бірақ бұған кейбір ата-аналар жете мән бермейді. Олардың арасында «Менің ұлым 18-ге толған жоқ қой, кәмелеттік жасқа жеткен соң өздерің шақыртпайсыңдар ма?» деп қолды бір сілтейтіндер кездессе, артынан 30 жастағы баласына тіркеу куәлігін енді сұрап тұратындарды да жасыра алмаймыз. Ал, ол негізінде 27 жасқа толған соң, әскери билет алуы керек еді. Енді бұл мәселе қалай болды деп сұрастырсақ, 15-16 жастағы жасөспірім өмірдің күйбең тірлігімен еңбекке ерте араласып, кете береді. Жылдар өтіп, қызметке тұрайын десе, жұмыс орны әскери есеп құжатын сұрағанда ғана енді есіне түседі. Мұндай азаматтардың өз қатарластарымен әскерге бармау себебінің бірден-бір жолы – кезінде әскери есепке тіркелмей қалуларында.

Биылғы тіркеу жасындағы 2002 жылғы бозбалалармен бірге 2001-2000 ж.т. азаматтар да келуде. Мәселен, Қиғаш ауылдық округінен 2000 ж.т. Айхоловқа әкімшілік айыппұл салынды. Кудряшов ауылдық округінен 2000 ж.т. Сайын Ерғанатты да әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделуде. Күні бүгін есеп бойынша 401 азамат әскерге шақыру учаскесіне тіркелу керек болса, оның тек 319-ы жоспарды орындап отыр.

Құрметті ауылдық округ әкімдері, ата-, 2002 ж.т. азаматтардың (ұлдарыңыздың) әскери есепке тіркелулерін басты назарда ұстауларыңызды сұраймын.

А.Шарипов,

Құрманғазы аудандық ҚІЖБ-нің қызметкері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521