Әскер іс тігуді үйретеді

Аудан тынысы

Тәуелсіздік күніне және ауданымыздың 90 жылдығына орай Ломоносов атындағы жалпы орта мектепте «Бүркіт» әскери-патриоттық клуб мүшелері арасында сайыс өтті.

Олар өзара 4 командаға бөлініп, әрқайсысы өздерінің атауларын қорғап, музыкалық сәлемдемелерін жеткізді. Клуб мүшелері өзара 4 командаға бөлініп, әрқайсысы өздерінің атауларын қорғап, музыкалық сәлемдемелерін де жеткізді.

Сондай-ақ, командирлердің бөлімшені басқару пәрмені, оны саптық әдіспен алып жүру тәсілдері пысықталды. Әрі қарай, бөлімшенің түгелдей және жекеленген қорғаныш құралдарының кию әдісі, АК-74 оқу жаттығу қаруын уақытқа бұзып қайта жинау кезеңдері қызықты әрі тартысты өтті.

Сонымен қатар, қазіргі сарбаздың соғыс және бейбіт уақыттағы бір күндік азық нормалары белгіленген ас мәзірі де дайындалды. Ең қызығы, үйде ине-жіп ұстамайтын ұлдарымыз осы сайыста әскери киімге жаға тігуді, түйме қадауды үйренді. Байқау қорытындысымен І, ІІ орындарды 11 а, б сыныптар иеленсе, ІІІ орынды 10 сынып қанағат тұтты. Үздік ойын көрсеткендер де назардан тыс қалмады.

А.Шарипов,

Аудандық ҚІЖБ БӘД жөніндегі инспекторы