Шопан шекара бұзушыны ұстасты

(0 Votes)

Ел шетін күзету шекарашылардың жұмысы десек те, оның бойында қырағылық таныту әрбір қазақстандықтың парызы.

Аудан көлемінде өткен жиналыстарда шекарашылар да тұрғындардан бұл істе өздеріне көмектесуін сұрайды. Неге десеңіз өз жерінде қылмыс жасап қашқандар, лаңкестікті насихаттайтын жат ағым өкілдері, заңнан бас сауғалаған алаяқтар өтіп кетпесіне кім кепіл?! Сондықтан ел шекарасын құлыпта ұстау ортақ міндетіміз. 12 маусым күні Қиғаш ауылдық округінің тұрғыны, шопан Ерсайын Қайдарғалиев күндегі әдетінше таңғы салқынмен қойларын өріске беттетіп, өз шаруасымен жүрген. Кенет шекарадан бермен қарай өтіп жатқан белгісіз біреуді көзі шалып қалды. «Дені дұрыс адам шекараны бұзбайды, белгіленген жерден өтеді. Ертелетіп жаяу жүргеніне қарағанда ниеті қандай адам екенін кім білген?! Шекарашылар да күдік туғызатын адам көрсек хабарласуымызды сұраған еді» деген оймен дереу округ әкімшілігіне хабарласып орын алған жағдайды ескертті. Тиісінше олар «Сазды» шекара бөлімшесінің басшыларына хабарласты. Хабар түскен бойда жеткен шекарашылар еліміздің межесін бұзушыны тез арада қолға түсірді. Шекараны заңсыз кесіп өткен, ешқандай құжаты жоқ азамат тергеуге алынды. Нәтижесінде оның Ресейде көп жыл құлдықта болып, қашып шығып, адасып жүргендігі анықталып, Атыраудағы тергеу орындарына жөнелтілді. «Сазды» шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Фуркат Заиров Қиғаш ауылының тұрғыны, зейнеткер Ерсайын ағамыздың бұл ісін өзгелерге үлгіге санап, мемлекеттік шекараны қорғауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлығын табыс етті.

А.САБИТОВА,

Қиғаш ауылдық округінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521