Шешімін күткен мәселелер қай округте де бар

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев округтерді аралауын жалғастырып, жұма, сенбі күндері бір топ бөлім басшыларымен бірге Көптоғай, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Ақкөл ауылдық округтерінде болды.

Аралау барысында аталған округтердегі мектептер, балабақшалар, өндіріс орындары,салынып жатқан ауылішілік жолдар, дәрігерлік амбулаториялар, су тазарту имараттары және т.б. қамтылды.

Жасталап ауылындағы Ш.Уәлиханов мектебі сәуір айында пайдалануға беріліпті. 19 сынып кабинеті бар 80 орындық білім ұясын салуға қаржылай демеушілік жасаған «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ. Құрылысын жүргізген «Мұнай Автоматика ЛТД» ЖШС. Камера орнатылып, жобада жоқ болса да жүгіруге арналған жол да салынған. Шортанбай ауылдық округінің әкімі Сәрсекей Нәбидоллаевпен, мердігер мекеме басшысы Нұргүл Сатылғановамен бірге ғимаратты аралаған аудан басшысы Қ.Нұртаев оның жақсы салынғанына, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, алдына тас төсеніштер төселіп,сырты кірпішпен қапталғанына көңілі толды.

Жеке кәсіпкер Гамила Қаршығалиеваның басқаруындағы Көптоғай ауылына өтетін жүзбелі өткелдің баркасы 1948 жылғы. Арғы бетке күніне 15-20 көлік өтеді екен. Тарифы жеңіл көліктерге 500, ірілеріне 3000 мың теңге көлемінде. Көптоғай шекара заставасының жаңа ғимаратында бірқатар кемшіліктер бар. Едені отырып кеткен, есіктері дұрыс жабылмайды. Ауылдағы «Ақтоты» балабақшасында 45 бала тәрбиеленуде, 15-і кезекте тұр. Мұнда кәріз жүйесі істемейді, материалдық базасын да жақсарту керек. 1200 адамды қамтитын фельдшерлік-акушерлік пункттің дәрігері Айман Бисекенованың айтуынша ғимарат 2007 жылдан бері жөндеу көрмеген. Осы жерде округ әкімі Батырбек Балтаев аудан әкіміне 10 шақырым электр бағаналарын ауыстыру қажеттігін жеткізді. Бір жағы полицияның тірек пункті, екінші жағы тұрғын үйі етіп салынған ғимаратты аралап көрген Қайрат Талапұлы оның бұған дейін өзі көргендерінен жақсы салынғанын айтып, жеке кәсіпкерге жоғары жағына суағар салып кетуді, іргетасының астын жел кеулемес үшін жанына жұқалап саз төгуді тапсырды. 624 орындық С.Мұқанов орта мектебінде 180 бала білім алуда. Мұнда жазғы спорт алаңы қажет.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521