Шекарада тыным жоқ

(0 Votes)

Өткен 2018 жыл ішінде Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесі мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде «Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» бойынша – 1214 шетел азаматын тіркеді. «Еңбек рұқсат қағаздарын алу және ұзарту» бойынша еңбек мигранттарына 451 рұқсат қағазы берілсе, 234-ына мерзімдері ұзартылды. «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» бойынша 1389 шетел азаматына рұқсат етілді.

«Бүркіт» бірыңғай ақпарат жүйесіне 467 жалпы әкімшілік құқық бұзушы енгізілді. Құжаттандыру бойынша 286 адам өтініш түсірді, олардың арасында 67 адам аты-жөнін өзгертті немесе құжаттарында кеткен қателерін түзетуге мүмкіндік алды. 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатпен жүрген 6 адам, құжаттандырылу уақыты асып кеткен 7 адамның өтініші қанағаттандырылды. Есептен шығарылғандар саны – 71. Тұрғындарды күнделікті қабылдау барысында 403 адам кеңес алу, қайталама құжаттар алу, жекебасы мәліметін, ЖСН-ін түзету сияқты мәселелермен қызметімізге жүгінді. Жалпы сомасы 7153432 теңгені құрайтын мемлекеттік баж салығы алынып, аудандық кірістер басқармасына түбіртектер мәліметі жолданды.

Елімізде тұрақты тұруға арыз берген 8 шетелдіктің 4-уі ыхтиярхатымен құжаттандырылса, екеуінің арызы Ішкі істер министрлігіне жолданды, 2-уінен бас тартылды. 14 адам ҚР тысқары кетсе, 1 кәмелетке толмаған жас бала РФ қоныс аударды. 7 алимент төлеуден жалтарушыға, 13 мемлекеттік борышкерге іздеу жарияланды.

2019 жылдың 16-20 қаңтар аралығында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Аудан аумағында заңсыз жүргендерді анықтау, олардың тарапынан қылмыс жасау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, шетел азаматтарын жұмысқа тарту фактілерін болдырмау тексерілді. Шара өткізу барысында шетелдіктер тарапынан 24 құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды.

 

Б.Көргенәлиев,

аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы,

полиция подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521