Шалғайдағы төрт шаруашылыққа жарық жетті

(0 Votes)

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ауданымызда биылғы жылы «Бастау» бағдарламасымен 162 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып болашақта несие алу бағытында жұмыстанып жатса, 19 адам «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Атырау өкілдігі арқылы 56,400 мың теңге шағын несие алып, жұмыстарын бастады.

Тағы 20 адам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы несиеге жолдама алып, құжаттарын жинақтауда.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті бюджеттен 11,8 млн теңге қаржы бөлініп, оған алыс мал жайылымында отырған 4 жеке кәсіпкердің сұранысы бойынша шаруашылығын дамыту үшін күн сәулесі арқылы электр қуатын беретін батарейкалар мемлекеттік тапсырыспен сатып алынып, орнатылып берілді. Олар Сүйіндік ауылдық округінен Раушан Есенғалиева, Аманжол Габбасов, Мақаш ауылдық округінен Семен Жалғас және Теңіз ауылдық округінен Дәулет Қауменов шаруа қожалықтары. Бұрын электр қуаты болмай немесе жанармаймен жұмыс жасайтын құрылғы қолданып, көп шығынмен жарықты пайдаланып отырған алыс учаскенің малшыларының қолдары бір күннің ішінде тамаша жарыққа жетіп мәре-сәре болып қуануда. Осындай қолдау жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаға, ауыл адамдарының жағдайын үнемі естен шығармай отырған Елбасына қарапайым шаруагерлер үлкен алғыс айтып ризашылықтарын білдіруде.

«Мал шаруашылығына жұмысқа келуден қашатын адамдардың бірден – бір себебі осы жарық мәселесі еді, енді олар тұрақтайтын болар», - деп қуанды Мақаш ауылдық округіндегі шаруа қожалығының басшысы Жалғас Семен.

Жаратқанымыз берген еліміздің кең, дархан даласын пайдаланып, мал шаруашылығын дамытып, кәсібімді өркендетемін деген жастарды бізге келіп «Бастау» бағдарламасы арқылы оқып, кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, кәсібін ашуға, мемлекеттің тегін қолдауына ие болуға шақырамыз.

Г.Құмарова,

аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521